Техникалық департамент

 

Досаев Қайрат Төреханұлы

Техникалық департамент директоры Досаев Қайрат Төреханұлы 1970 жылы 11 маусымда ОҚО Түркістан қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Түркістан қаласындағы В.И.Ленин орта мектебінің 1-ші класына барып, 1987 жылы мектепті бітіріп шыққан (қазіргі А.Байтұрсынов). 1987 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ-химия технологиялық институтының Құрылыс-факультетіне түсіп, 1992 жылы «Инженер стройтель-технолог» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Кейіннен қосымша 2001-2003 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң экономист мамандығын алған. 1992-1994 жж. аралығында Кентау қаласындағы «Ачполиметалл» комбинатында құрылыс шебері, прораб, учаске бастығы қызметтерін атқарған.

1994-1996 жж. аралығында Түркістан қаласындағы «Университет строй құрылыс» компаниясында құрылыс шебері.

1996-1998 жж. аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қойма меңгерушісі.

1998-2013 жж. аралығында аталған университеттің жанар-жағар май қоймашысы.

2013 жылдың тамыз айының 27-ші жұлдызынан университеттің техникалық департамент директоры қызметін атқаруда.

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің шаруашылық басқармасы университет ашылған күндерден бастап жұмыс істейді. Басқарма университет сенатының 2013 жылғы 27 маусым күнгі №6 шешімі негізінде екі департаментке бөлінді. Олар: Шаруашылық инфраструктуралық даму департаменті және техникалық департамент.

Техникалық департаментінің құрамы төмендегідей:

-         департамент директоры;

-         техник байланысшы;

-         қазандық шеберлері;

-         автокөлік бөлім басшысы;

-         подстанция басшысы.

Техникалық департаменттің жауапкершілігіне университеттің техникалық шаруашылық жұмыстары жүктелген. Техникалық департаментке қарасты бөлімдердің атқаратын қызметі төмендегідей:

Подстанцияның (Университет-110/35/10 кВ) қызметі Кентау қаласынан университетке тартылған жоғарғы кернеулі магистарльді тоқтың, университет қалашығына тоқтаусыз берілуін қадағалау.

Автокөлік бөлімінде университеттің барлық қызметтік автокөліктері және арнайы жұмыс техникалары (спецтехника) бар.

Аталған автокөліктердің жалпы саны және атқаратын қызметі жайлы мәлімет төмендегідей:

-         Автокөліктердің жалпы саны 40 дана, оның 5 жарамсыз;

-         Қызметтік жеңіл автокөліктер – 14  дана;

-         Жолаушылар автобусы (ПАЗ) – 2 дана;

-         Қызметтік автокөлік (Делика) – 2 дана;

-         Жолаушылар газел – 3 дана;

-         Жолаушылар автобусы хундай – 1 дана;

-         Тамақ таситын газел – 1 дана;

-         Ауыр машиналар (спецтехника: экскаватор, өрт сөндіру машинасы, камаз, мусоровоз, бензавоз, зил, автовышка, автокран,фатих) – 10 дана;

-         Уазик – 2 дана.

Жарамсыз автокөліктер:

-         Автобус ПАЗ – 2 дана;

-         Водавоз – 1 дана;

-         Экскаватор ЮМЗ – 1 дана;

-         Ауди А6 – 1 дана.

Орталық су қоймасында орналасқан тереңдігі 800 метрлік су ұңғымасы (скважина) университет қалашығын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 1997-1998 ж.ж. арнайы мамандармен барлау жұмыстары жүргізіліп және қазылып қолданысқа берілген. Қазіргі таңда университет қалашығындағы оқу ғимараттарын, жатақханаларды, тұрғын үйлерді, мәдениет орталығын және клиника диогностикалық орталығын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Аталған су ұңғымасының суының құрамы ауыз суға қойылатын санитарлық талаптарды толық қанағаттандырады.

Қазандықтар университеттегі барлық оқу ғимараттарына, жатақханаларға, тұрғын үйлерге және басқада нысандарына жылу маусымында тұрақты жылу береді. Осы аталған жұмыстың өз дәрежесінде орындалуы мақсатында, жаз айларында қазандықтарға, жылу желісіндегі насостарға ревизия жүргізіліп ақаулы бөлшектері ауыстырылады.