Тіркеуші офисі

Тіркеуші офисі 2006 жылдың қыркүйек айында құрылған. Тіркеуші офисі (Office of the Registrar) – білім алушыларды оқытылатын пәндерге жазумен, олардың оқу мерзіміндегі оқудағы жетістіктерін тіркеумен айналысатын, білімнің ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет. Тіркеуші офисі университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және оқу-әдістемелік ісі бойынша вице-президент тікелей бақылайды. 

Мақсаты: Университет студенттері мен құрылымдық бөлімшелеріне толық және жылдам қызмет көрсету мақсатында автоматты бақылау жүргізу, тіркеу жасау, университет факультеттерімен тығыз өзара әрекеттестігінде білімнің, машықтың, ептіліктің және құзіреттіліктің жоғары сапасымен білім алуға себепкер болу, білім алушылардың оқу үлгеріміне талдау жүргізу.

 

Тіркеуші офисі қызметінің негізгі бағыттары:

·         оқу үрдісін ұйымдастыру;

·         білім алушылардыдайындау сапасын бақылау;

·         академиялықкүнтізбені құру және оның орындалуын бақылау;

·         баллдық-рейтингтік жүйені (БРЖ) ұйымдастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

·         ағымдағы емтихандардың өткізілуін ұйымдастыру және бақылау;

·         сессиялардың, қорытынды аттестациялардың, білім алушылардың білімін бақылау шараларының академиялық көрсеткіштерін бақылау;

 

Тіркеуші офис қызметінің негізгі түрлері:

o        оқытудың кредиттік жүйесін енгізу;

o        БРЖ (баллдық-рейтингтік жүйені) оқу үрдісіне енгізу;

o        білім алушылардыің жеке оқу жоспарын рәсімдеу;

o        академиялық үлгерімнің есебін жүргізу;

o        жазғы семестрді ұйымдастыру;

o        таңдап алынған элективті курстарға сәйкес білімалушылар топтарынанықтау;

 

Тіркеуші офисінің негізгі қызметтері:

§         студенттерді орталықтандырылған он-лайн түрінде тіркеу, пәндердің пәнаралық таңдамалылығын қамтамасыз ету;

§         білім алушылардың оқытушыны таңдау еркіндігі;

§         Білім алушының өзінің оқу траекториясын таңдауға эдвайзерлердің көмегі болу;

§         Аттестациялық және емтихан тізімдемелерінің қауіпсіздігі;

§         Транскрипт беру;

§         аттестациялық және экзамендік тізімдемелергееркін қол жеткізу;

§         пәндерге тіркеу мен қайта тіркеу мәселелері бойынша оқушылар мен оқытушыларға кеңес беру;

§         есеп берудің тұтастығы мен қауіпсіздігі және аттестацияға санкцияланбаған кедергі жасауды болдырмау.

Күрт өзгерістер болып жатқан қазіргі жағдайда қоғамға білімді, инновация тұрғысынан ойлай білетін мамандар өте қажет. Олар өз беттерінше шешім қабылдай алатын, шешімдердің соңғы нәтижесін болжай алатын мамандар болуы тиіс.

Интеграция жағдайында жоғары білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне шығару оқытудың кредиттік жүйесін енгізуді талап етеді.  Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру бүкіл оқу кезеңіне білім алу траекториясын анықтауда білім алушының қатысуын, оқу жоспарында көрсетілген пәндердің белгілі бір бөлігін таңдау еркіндігін, академиялық кеңесшілер қызметтерінің (тьюторлар), білім алушының тәлімгерлерінің (эдвайзерлер) енгізілуін, Білім алушылардың білімін бағалау үшін баллдық жүйенің пайдаланылуын көздейді. Білім алушылар білімін бақылау және бағалау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Баллдық-рейтингтік жүйе аралық және қорытынды аттестацияны өткізуді көздейді. Баллдық-рейтингтік жүйеге сәйкес баллдың 60%-ы ағымдық бақылауға 40%-ы аралық аттестацияға бөлінеді.

Тіркеуші офисінде 1 басшы, 3 жетекші маман және 3 маман жұмыс жасайды және күндізгі бөлімде оқитын Білім алушылардың оқу тарихын электронды деректер қорына тіркейді. Тіркеуші офисі ақпараттық-техникалық және автоматтандырылған бағдарламамен камтамасыз етілген.

Тіркеуші офисі бекітілген жеке оқу жоспарларын және Білім алушылардың контингенті туралы ресми мәліметтерді, аралық, ағымды, қорытынды аттестациялардың нәтиженің негізінде талдау жүргізіп, мәліметтерді басқа бөлімшелерге, университет басшылығына беріп отырады. 

Тіркеуші офисі - қосымша оқу немесе академиялық қарыздарды жою мақсатымен білім алушының және деканаттардың ұсынысы бойынша ректораттың келісімімен жазғы семестрді ұйымдастырады. Жазғы семестрдің ұзақтығы мамандықтар мен курстар бойынша оқу үрдісінің академиялық күнтізбесімен анықталады.

 

Білімді бақылау жүйесі

Білім алушының білімін бағалау төрт балдық шкаламен жүргізіледі.

Білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бақылаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:

§         ағымдағы бақылау;

§         аралық бақылау;

§         финалдық бақылау.

Ағымдағы бақылау – бұл білім алушының оқудағы жетістіктерін жүйелі түрде тексеру, оны оқытушы пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда жүргізеді.

Аралық бақылау – бұл теориялық оқытудың 7 және 15-ші апталарында жүзеге асырылады, бұған ағымдағы бақылаулардың қорытындылары қосылып барып, аралық бақылаудың қорытындылары тізімдемеге қойылады. Аралық бақылаудың саны оқу жұмыс бағдарламасы арқылы анықталады және пәннің силлабусында көрсетіледі. Факультеттің оқу құжаттарында 7-аптаның аралық бақылауы (1-аралық бақылау) мен 15-аптаның аралық бақылауының (2-аралық бақылау) қорытындылары тіркеледі.

Финалдық емтиханды өткізу кезінде оң баға оқу пәні бойынша емтихан тізімдемесіне және білім алушының сынақ кітапшасына жазылады. F «қанағаттанарлықсыз» бағасы тек емтихан тізімдемесіне қойылады.

Пән бойынша білім алушының қорытынды бағасы аралық және білімді финалдық бақылаудың балдарын жинақтау арқылы құралады. Мұнда пән бойынша аралық аттестацияның аяқталуының міндетті талабына соңғы емтиханнан бойынша оң баға алу жатады. Семестрдің ағымдағы үлгерімінің жоғары бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды, және емтиханның жоғары бағасы білімді қорытынды бағалаудың 40% құрайды.

Емтихан нәтижелері емтихан тізімдемесіне сәйкес оқытушы тарапынан Platonusжүйесіне емтиханнан соң 24 сағат ішінде енгізіледі.

 

Студенттің анықтамалық - жолсілтегіші

Универсиетке қабылданған студенттің апталық бағыты жолсілтеушінің көмегімен жүзеге асырады. Бағыт сілтеуші студентке университет және білім алушы білім алып жатқан факультет туралы қысқаша сипаттама, университеттің Академиялық саясаты, оқу жылының академиялық  күнтізбесі, білім алушыларға берілетін жеңілдіктер,  оқу жүйесін басқару туралы қысқаша мәлімет пен университеттегі студент өмірі туралы, университеттегі басқа құрылымдық бөлімшелері  мен қала аумағындағы универитет ғимараттарының орналасуы туралы және т.б. толық ақпарат береді.

Білім алушының GPA (орташа балл) есептеу әдістемесі. GРА - бұл білім алушының орташа балл бойынша үлгерімінің бағасы. Білім алушының академиялық үлгерімінің бағасының орташа балы оның танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыруы, оќу үрдісін жоспарлауға, оның нәтижелілігінің жекеше талдауын жасауға мүмкіндік береді. GРА (Grade Point Average) бағалары – бұл «А», «В», «С«, «D» және «Ғ», сонымен қатар «+» және «-» белгілерімен белгіленеді.

Білім алушының таңдап алған оқу бағдарламасы бойынша академиялық үлгерімінің денгейі орташа балл - GРА түрінде бағаланады, ол пән бойынша қорытынды баға мен кредит көбейтулерінің қосындысының (сандық түрде) оқудың ағымдық кезеңіндегі кредиттер қосындысына қатынасы.

 

GРА келесі теңдеу арќылы есептелінеді:

           GРА = E1k1+E2k2+...+En kn)

                          (k1+k2+... +kn)

 

         мұнда E,E2,... En(1,2,... n) –  пәндердің сандық түрдегі ќорытынды бағасы;      

                        k1,k2, ... kn (1,2,... n) – пәннің кредиті.

GPA балын есептеудің мысалы:

 

Пән

Кредит саны

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Сандық эквивалент

1. Қазақстан тарихы

3

А

4,0

2. Информатика

3

В+

3,33

3. Ағылшын тілі

2

В-

2,67

 

Қазақстан тарихы         4,0 х 3 = 12

Информатика                3,33 x 3 = 9,99

Ағылшын тілі                2,67 x 2 = 5,34

Туындылардың қосындысы = 12 + 9,99 + 5,37 = 27,33

Кредиттің жалпы саны = 3 + 3 + 2 = 8

GPA= Туындылардың қосындысы/кредиттің жалпы саны = 27,33/8 = 3,42

GРА бағасы семестр қорытындылары, жыл қорытындылары немесе бүкіл оқу мерзімі қорытындысы бойынша есептелінсе болады.

Оқудың соңғы этапы - мемлекеттік қорытынды аттестация, ол білім алушының  мамандыққа сәйкестігін анықтайды.

Талап етілетін GPA балын жинап келесі курсқа көшірілген білім алушы академиялық қарызы болған жағдайда оқу пәндерін тек ақылы түрде ғана қайта оқи алады.

Оқудың қайталау курсына қалдырылған білім беру грантының иегері болған білім алушы білім беру грантынан айрылады да, ары қарай оқуды тек ақылы түрде жалғастыра алады.

Білім беру грантының иегері болған білім алушы GPA-ның көшіру балын жинағанда және келесі курсқа академиялық қарызбен көшірілгенде білім алушы білім беру грантынан айрылмайды. Мұндай жағдайда олар қарызы бар оқу пәнін тек ақылы түрде қайта оқи алады және олардан емтихан тапсырады. Мамандықтар кестесіндегі бір кредиттің бағасын қаржылық-экономикалық жұмыстар жөніндегі департаменті анықтайды.

Шпаргалканы (қағаз немесе электронды түрде, телефон байланысы арқылы) қолданған жағдайда пән бойынша қорытынды бақылауда бағасы «F» қойылады.

 

Университет ішінде ауысу, қайта қабылдау және білім алушыны университеттен шығару.Университетте білім алушылардың бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген, ҚР Үкіметінің 10.04.2013қаулысымен өзгерістер енгізілген ережеге сай жүргізіледі. Күндізгі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы қысқы демалыс кезеңінде (1-15 қаңтар аралығында, медицина мамандықтарында 1 ақпанға дейін) және жазғы демалыс кезеңінде (1 шілдеден 25 тамыз аралығында) қарастырады. Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

Білім алушыға ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысуы оқу бойынша жоғары көрсеткіш болған жағдайда және ҚР БҒМ талаптарына сәйкес вакантты орындар болған кезде рұқсат етіледі. Ахмет Ясауи университетінің студенті мынадай жағдайда университеттен шығарылуы мүмкін:

·        өз еркімен;

·        басқа оқу орнына ауысуына байланысты;

·        оқу тәртібін бұзғандығы үшін (қайта оқу курсы үшін ауысу бұйрығының бекітілген мерзімінде немесе ақылы негізде пәнді қайта оқу үшін оқу ақысын төлемегендігі үшін);

·        университетпен байланысын үзгендігі үшін, оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен үздіксіз жіберу (жіберілген сағат саны 20%-дан көп болса), академиялық демалыс мерзімі біткеннен кейін немесе шетелдік іссапардан соң ұзақ мезгіл сабаққа қатыспауы (екі апталық мерзімде);

·        университеттің Жарғысы мен ішкі тәртіпті бұзғандығы үшін (сабаққа мас күйінде келуі немесе сабақта спирттік ішімдіктерді пайдалануы, университет қабырғасында құмар ойындар ойнауы, университет мүлкін бүлдіруі, жатақханада тұру тәртібін бұзғандығы үшін, университетте қоғамға қарсы қылығы үшін, ауыр зардаптарға соқтыратын еңбек және өрт қауіпсіздігін бұзғандығы үшін);

·        университетте «Студенттердің тәртіп сақтау» регламентіндегі оқудан шығарылатын пунктерінде көрсетілген тәртіп бұзғандығы үшін.

Жазғы семестр

Жазғы семестрге тіркелу жұп семестр аяқталған соң жүргізіледі.

Пәнге қайта оқуға тіркелу («Retake») жалпы тіркелудің бекітілген мезгілінде жүргізіледі, бірақ оқуға алдын-ала ақы төлеу қарастырылады, себебі пәнді қайта оқу барлық мамандықтар мен оқу формалары үшін ақылы түрде жүргізіледі.

 білім алушыларға пән бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны жоюға, пререквизиттерді уақытында оқу арқылы өзінің жеке жоспарына өзгертулер енгізу мүмкіндік береді. Талап етілген кредиттерді жазғы семестрге соңғы 3 күннен кешіктірмей тіркелу керек және пән саны шектеулі. Жазғы семестрдегі оқу тек ақылы түрде жүргізіледі.

Жазғы семестрдің өту мерзімі 5 аптаға созылады. Оның ішінде 4 апта теориялық сабақ, 1 апта бақылау қорытындысы болады. Жазғы семестрге студенттердің университет бағдарламасы бойынша меңгере алмаған пәні енгізіледі. Сонымен қатар басқа әртүрлі университеттердан келіп басқа пәндерді тапсыруына болады.

 

Курстарға тіркелу

Университет білім алушыларына білім беру тиімділігін көтеру үшін университеттің оқу жүйесіндегі автоматизация мен және информациялық ақпарат қамтамасыз етіледі, онлайн ережесімен пәндерге тіркеу қамтамасыз етіледі, таңдалған пәндердің толық тәртібі анық көрініп тұрылады. Сондықтан әрбір білім алушының оқу траекториясынын жүзеге асыру үшін жеке өз бетінше оқу жоспарына сәйкес пән таңдау арқылы жүргізіледі.

Каталог тәртібімен оқу жоспары негізінде студент өз бетінше оқу траекториясын жоспарлайды,  Студент міндетті мамандану пәндер мен элективті пәндерді талап етілген сан бойынша таңдап өзіне тіркеуге тиіс. Осы пәндердің тізімі жеке оқу жоспарында толық көрсетіледі, 3 данаға негізделіп, олардың бір данасы студенттке ақпарат алу үшін беріледі.

Студент 1 толық оқу курсын меңгеру, үшін  мамандыққа арналған жұмыс оқу жоспарының  ЖОЖ (РУП)  талаптарына сай құрылған жеке оқу жоспары үшін студент толық жауап береді.

ЖОЖ (ИУП) әр семестрге кеңсе тіркеушісімен және эдвайзердің басшылығымен жүзеге асырылады.

Байланыстар

Біздің контактілер
Орналасқан жеріміз: Ректорат, 117, 122 кабинеттер
Байланыс телефондарымыз: 63636 (ішкі 1104немесе1789, 1089)

 

Қызметкерлер


 

 

Койшыгулова Диляра Жетписбаевна

Қызметі: бастық міндетін атқарушы

 

Туған жылы күн айы:  1987жыл 20 қаңтар

 

Телефоны: +7 771 463 9304

 

Бітірген ЖОО: Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогика институты

 

Мамаңдығы: Информатика

 

Жұмыс стажы: 5-жыл

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

 

Мухиддинова Салима Муратбековна

Қызметі: бастық міндетін атқарушы

 

Туған жылы күн айы:  20.12.1969 жылы

 

Телефоны: +7 700 417 6391

 

Бітірген ЖОО: 1995 жылы Қазақтың Қыздар Мемлекеттік педагогикалық институты

 

Мамаңдығы: математика-физика

 

Жұмыс стажы: Жалпы стажы 26 жыл, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде 1995 жылдан бастап, 18 жыл

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

 

Алдабергенова  Динара  Абдухалыковна

Қызметі: Маман

 

Туған жылы күн айы1984жыл 30 мамыр

 

Телефоны: +7 701 703 0464

 

Бітірген ЖОО: М.Әуезов атындағы  Оңтустік  Қазақстан  Мемлекеттік  

 

Мамаңдығы: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

 

Жұмыс стажы:  2006 жылдан бастап  (7-жыл)

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Жаздыкбаева Тоты Амиркуловна

Қызметі: Жетекші маман

 

Туған жылы күн айы1969жыл 07 ақпан

 

Телефоны: +7 702 228 5722

 

Бітірген ЖОО: Жамбыл женіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық 

 

Мамаңдығы: Бухгалтерлік есеп

 

Жұмыс стажы: 1986 жылдан бастап   (27 жыл)

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Нурпейсова Жанар  Сембековна

Қызметі: Маман

 

Туған жылы күн айы1988жыл 29 ақпан

 

Телефоны: +7 775 734 9427

 

Бітірген ЖОО: Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономика университеті

 

Мамаңдығы: экономист

 

Жұмыс стажы: 2013 бастап

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Алшериев Ержан Мунайтпасович

Қызметі: Жетекші маман

 

Туған жылы күн айы1972 жыл 14 ақпан

 

Телефоны: +7 705 364 4974, +7 701 731 4207

 

Бітірген ЖОО: Алматы ауылшаруашылық институты, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

 

Мамаңдығы: Инженер электрикИнформатик

 

Жұмыс стажы: 1996 бастап

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Аширбек Гульмира Булатовна

Қызметі: Жетекші маман

 

Туған жылы күн айы1983жыл 12 тамыз

 

Телефоны: +7 775 484 2927

 

Бітірген ЖОО: Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институты

 

Мамаңдығы: инженер-технолог

 

Жұмыс стажы: 2006 жылдан бастап

 

Электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

Тулентаев Олжас Сейтханович

Қызметі: Жетекші маман

 

Туған жылы күн айы1991жыл 28 шілде

 

Телефоны: +7 702 600 4240

 

Бітірген ЖОО: Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ

 

Мамаңдығы: Есептеу техникасы және бағдарламамен 

 

Жұмыс стажы: 2013 жылдан бастап

 

Электрондық пошта: [email protected] mail.ru