Өкілетті Кеңес басқармасы

 

 

Мұса Йылдыз 

 

Өкілетті Кеңес Төрағасы

 

 

 

 

 

ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ

Өкілетті Кеңес – ортақ мекеме, ортақ басқару ұстанымын басшылыққа ала отырып, университетті басқаруда әкімшілік, қаржылық және академиялық әдістер мен негіздерді белгілеу құзіретіне ие, университеттің заңды тұлғалық мәртебесіне өкілдік ететін ең жоғарғы шешім қабылдаушы органы болып табылады.

 

Өкілетті Кеңес 10 (он) мүшеден тұрады. Өкілетті Кеңестің 5 (бес) мүшесі Түркия Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалады. Осы мүшелердің біреуі Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасы болып тағайындалады.

         Өкілетті Кеңес төрағасының өкілі (төраға орынбасары) және 4 (төрт) мүшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.

         Университет ректоры Өкілетті Кеңестің мүшесі болып табылады.

         Өкілетті Кеңес мүшелерінің жұмыс істеу мерзімі – 5 (бес) жыл. Кеңес мүшелігінде орын босаған жағдайда жоғарыда көрсетілген тәртіппен мүше тағайындалады. Негізгі мемлекеттік қызметі сақтала отырып, Өкілетті Кеңеске тағайындалған төраға және мүшелері, негізгі мемлекеттік қызметінен босаған жағдайда Өкілетті Кеңестегі мүшелігі де аяқталады.

         Университет ректорының мүшелігі қызмет мерзімімен шектеулі.

         Өкілетті Кеңес мәжілісі жылына ең кемі екі рет өткізіледі. Мәжіліс орны, өтетін уақыты және күн тәртібі университет ректоры мен Кеңес мүшелерінің ұсыныстары назарға алына отырып, Өкілетті Кеңес төрағасы тарапынан белгіленеді. Мәжіліс жиналымы ең кемі 7 (жеті) мүшесі қатысқан жағдайда жұмыс істеу құқына ие болады. Әрбір мүше өзінің пікірін «қарсы емеспін» немесе «қарсымын» деп білдіреді. Дауыстар тең болған жағдайда Өкілетті Кеңес төрағасының дауысы екі дауыс болып саналады.

 

Өкілетті Кеңестің қызметі мен міндеттері

 

Университеттің құрылымдық басқару және білім беру үдерісін регламенттейтін Жарғысын дайындау, қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар жасау және қолданысқа енгізу;

Университеттің қаржылық және құқықтық мәселелеріне қатысты университет атынан Тарап мемлекеттерде жылжымайтын мүлік иелену, сату, құрылыс жүргізу, оларды университет атынан тіркеу және меншігінен шығару мәселелері бойынша шешім қабылдау;

Өкілетті Кеңестің жұмыс істеу негіздері мен ережелерін белгілеу;

Университеттің Қазақстан Республикасында немесе тыс жерлерде академиялық, әкімшілік және қаржылық бөлімшелерді (филиалдар) ашуға, олардың қызметін тоқтатуға немесе біріктіруге қатысты ұсыныстар бойынша шешім қабылдау, тиісті мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуден өткізу, рұқсат, лицензия алу 

және аккредиттеу іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажетті тағайындаулар жасау;

Университет органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істеу негіздері мен ережелерін, қызметтік міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты ұсыныстар мен регламенттер бойынша шешім қабылдау;

Университет бюджетін қарастыру, қажет болғанда қайта қарау және бекіту, келесі жыл үшін қажетті төлемақы мөлшерін белгілеу, Тарап мемлекеттерге хабарлау;

Университет ректорының академиялық, әкімшілік және қаржылық іс-шараларына қатысты жылдық қорытынды есебін және нақты есебін қарастыру және бекіту;

Университеттің стратегиялық жоспары мен жылдық даму көрсеткіші есептерін қарастыру және бекіту;

Студент контингентін бекіту;

Университеттің академиялық және әкімшілік саласында мамандар құрамын қалыптастыру және өзгерту; тағайындау, қызметін жоғарылату, жалақы төлеу негіздері мен ережелері туралы ұсыныстар бойынша шешім қабылдау;

Бакалавриат, магистратура және докторантура оқу бағдарламалары мен жоспарына өзгеріс енгізу ұсыныстары бойынша шешім қабылдау;

Университет ректоры және ректор өкілі (бірінші орынбасарына) қатысты түскен шағымдарды қарастыру, қажет болған жағдайда мән-жайын анықтау және қызметінен босату туралы құзыретті органдарға ұсыныс беру.