Ғылым және инновация департаменті

 

 

 

 

Балтабаева Алена Юлдашқызы

Философия ғылымдарының кандидаты, профессор

Департамент директоры

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат - кабинет №408
 

Телефон: +7 (72533) 6-36-04 (ішкі 11-43)

 

E-mail: alyona.baltabayevakz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі вице-президентке қарасты ғылыми және инновация департаменті университет президенті У.С. Абдибеков бастамасымен 2013 жылы құрылды. Департаментке құрылымына 6 бөлім және 1 орталық - Ғылым бөлімі, Халықаралық ғылыми жобалар орталығы, Ғылыми-зерттеу институттар мен орталықтар, (РһД) Диссертациялық кеңес және ғылыми-техникалық кеңес, Жас ғалымдар Кеңесі, және Ботаникалық бақ қарасты.  

Департамент қызметінің басты мақсаты - Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалануға, ғылыми-зерттеу жұмысының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің тиімділігін және білім берудің сапасын арттыру үшін ғылыми-өндірістік қызметтің кешенді дамуына ықпал ету, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ғылыми жетістіктерді накты icкe асыруға ықпал ететін тетіктер мен ынталандыру жүйесін құру; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту; талантты жас ғaлымдарды қолдау; грант негізінде ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктерін жасау мен жетілдіру; қазақстандық ғылымның халықаралык ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.

Департаменттің негізгі атқаратын қызметі университетте өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды үйлестіреді, сонымен қатар, арнайы теориялық-методологиялық және ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-теориялық деңгейін эксперттер тағайындау тақырыптарының приоритеттілігін, көкейкестілігін, практикалық маңызын, сараптап отыруға, докторлық, магистратуралық жұмыстарды безендіруде ғылыми негізде жазылуына кеңестер беруіне, жас ғалымдар кеңесінің жұмысын үйлестіруде, ОПҚ мен ғылыми қызметкерлерді гранттық қаржыландыру жұмыстарына жұмылдыруға, университеттің жалпы ғылыми жұмыстарын жоспарлау мен үйлестіруге, жоғары білікті кадр мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Департамент өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын және нормативтік актілерін, «Жоғары оқу орны Ғылыми кеңесі қызметінің үлгі ережесі және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 22 қарашадағы №574 бұйрығын, ЖОО кейінгі білімге қатысты нормативті құжаттар, Өкілетті Кеңес мәжілісі 02.06.2012 ж. № 42 ШЕШІМ № 17.2.1 Жұмыс тәртібі мен негіздері регламенті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жарғысын басшылыққа алады.

Департамент университеттің Даму стратегиясы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Өкілетті кеңесі және Ғылыми-техникалық кеңесінің шешімдері негізінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметін анықтайды.