Археология ғылым орталығы

 

 

 

 

Жолдасбаев Сайден Жолдасбаевич

тарих ғылымдарының докторы,

профессор, орталық директоры

 

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
Ректорат ғимараты - кабинет №402

 

Телефон: +7 (72533) 6-36-92 (ішкі 12-41)

 

E-mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылым бөлімінің қызметкерлері:

Ерназарова Салтанат Бақытжанқызы – бас маман

Аймбетова Индира Оразгалиевна – техн.ғ.к., маман

 

Университетте өте маңызды археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін Археологиялық зерттеу орталығы жұмыс істейді.

Орталық аймақтағы осы күнге дейін маңызды зерттеу жұмыстары  жүргізілмеу кемшіліктерін жою қажет екендігін ескере отырып, халықаралық аренада Түркі тілдес халықтары тарихи ескерткіштерді зерттеу және әлемге паш ету мақсатында жоспар және бағдарламалар негізінде жұмыстарын жүргізуде. 

 

Археология саласы бойынша бельгиялық М.Отто, ресейлік Н.Деревянко секілді археолог ғалымдармен тығыз байланыс орнатылған, Түркістан топырағын бірлескен экспедиция қазып, “Шоқтас”, “Шойтөбе” қорықтарынан қола дәуіріне, көне Түркіс­танға байланысты көптеген жаңалықтар ашылды. Экспедиция материалдары Бель­гияда, Францияда, Ресейде жарияланды. Кітап болып Новосібірде басылып шықты. Қазіргі таңда профессорлар М.Елеуов, С.Жолдасбаев жасақтаған экспедиция жемісті жұмыс жүргізу үстінде. Профессор С.Жолдасбаев, аға оқытушы Б.Нұрханов, оқытушы А.Бекбергенов – ортағасырлық Сығанақ қаласын кешенді зерттеу бойынша мемлекеттік грантты жеңіп алды.

 

Университет археологтары түркі әлемінің тарихи жәдігерлерінің қалдықтарын табу және әлемдік деңгейде таныту үшін І-ХІІ ғасырларға тән көне Қарашық және Шарапкент қалаларында қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.  Зерттеу нәтижелері мен материалдары Бельгияда, Францияда және Ресейде жарияланды.