Экология ғылыми-зерттеу институты

 

 

 

 

Ақбасова Аманкүл Жаханқызы

техника ғылымдарының докторы,

профессор, институт директоры

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
№2 ғимараты - кабинет №315

 

Телефон: +7 (72533) 6-36-12 (ішкі 12-08)

 

E-mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Университеттің негізгі мақсаттарының бірі университет орналасқан аймақ пен қоршаған ортаның экологиялық жағдайын зерттеу болып табылады. Қоршаған орта мен жергілікті тұрғындардың қандай экологиялық күйге ұшырағанын, бір жағынан аймақтың экологиялық жағдайының қандай дәрежеде екенін айқындау өте маңызды.Аймақтың радиацияға ұшыраған ортада болғандығы белгілі.

Осы жағдайдың барлығынан хабары бар университет басшылығы Экология Ғылыми зерттеу орталығын құрып, ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Бұл аймаққа онсыз да осындай зерттеу орталығының құрылуы қажет болатын.

01.09.2008 жылдан қазіргі кезге дейін директор т.ғ.д., профессор А.Ақбасова. (Штат саны – 9,5). Келісім-шарт арқылы келесі жұмыстар: 

1. Қазақстанның әртүрлі аймақтарына, соның ішінде Түркістан аймағын қоса, өндірістердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау және нормативтік құжаттардың жобалары жасалынуда; 

2. Түркістан, Кентау қалаларының және Түркістан ауданына қатысты экологиялық төлқұжаттар жасау жоспарлануда;

3. Шымкент, Түркістан қалаларының экологиялық карталарының жобасы дайындалған; 

4. Түркістан қаласы және Қазақстанның басқа да өндірістік аймақтарына қажетті, сонымен қатар университеттің ауыз суына, ақаба суларына қарасты химиялық, бактериялық және радиологиялық анализдер жасалынуда. 

Экология ғылыми-зерттеу институтының"Экологиялық бақылау және химиялық сараптау" зертханасында Түркістан өңірінің экологиялық жағдайларын зерттеу бойынша мониторинг ұйымдастыру және жүргiзу, табиғат ресурстарын тиiмдi пайдалану, биологиялық көптүрлiлiктердi қамтамасыз ету, топырақтың құнарлылығын сақтауды қамтитын қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтiру, өндiрiс қалдықтарын қайта өндеу, су және ауаны зиянды қалдықтардан тазалау үшін экологиялық технологияларды жасау жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар анализ жүргізу барысында мәліметтердегі мүмкін болған ауытқуларға қосымша өзгерістер жасау мақсатында жүргізілді.  

2008 жылдың қыркүйегінен бастап ХҚТ университетіне қатысты ауыз су мен ақаба суларға химиялық, бактериялық, радиологиялық анализдерді жасау, сонымен қатар жаңадан салынатын ғимараттар мен бұрынғы ғимараттарға қатысты экологиялық құжаттарды жасап, мониторинг жүргізіп отыру қолға алынды. Келісім-шарт негізінде өндірістерге экологиялық нормативтік құжаттарды- шектік рауалы шығарынды (ШРШ), шектік рауалы төгінді (ШРТ) жобаларын жасау және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін бағалау жұмыстары жасалуда: - 1млн.750мың теңге көлемінде «КазПетроКазахстан» АҚ-мен көгалдандыру жобасы; - 74 000 теңге ГККП «Професиональный лицей №7» Кентау қаласы «Шектік рауалы шығарынды» жобасы; - 500 000 теңге көлемінде «Түркістан Су» МКК «Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау» жобасы; - 1млн 965 000 теңге «Түркістан жылу» МКК экологиялық нормативтік құжаттарды дайындау жобасы; - 2 млн 520 000 теңге Түркістан қаласы мен ауыл аймақтарының қалдықтарын сақтауға полигон жобасы; - 1 млн 120 000 теңге «НИПГ OIL GAS» ЖШС, Қызылорда қ., қоршаған ортаны қорғау жобасыЭкология ғылыми-зерттеу институтының осы жылдарға жасалынған жұмыстарын атап өтетін болсақ: - институт директоры А.Ж.Ақбасованың төмендегі оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. 1. Акбасова А.Д., Дуамбеков М.С., Саинова Г.А. Охрана почв. Учебник, 2008г. 170с. 2. Акбасова А.Д., Қалыбеков Т.Қ. Еңбекті қорғау. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы Қаз-Британ Техн Университеті, 2008ж 1 том.172с. 3. Акбасова А.Д., Қалыбеков Т.Қ. Еңбекті қорғау. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы Қаз-Британ Техн Университеті, 2008ж. 2 том.180с. 4. Акбасова А.Д., Абишева Г. Экология. Оқу құралы, Түркістан: ХҚТУ, 2008ж. 78б. - институт қызметкері Ибрагимова Эльмира Қоңыратбайқызының «Сәбіз өнімдері негізінде жасалған мармелад технологиясын жетілдіру» атты тақырыбында кандидаттық диссертациясы қорғалды (2008ж.); - Институтқа ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен лицензия алынды (2008ж.); - Институт зертханасы аттестациядан өтілді. (2008ж.)және т.б.