Түркология ғылыми-зерттеу институты

 

 

 

 

Құлбек Ергөбек

филология ғылымдарының докторы,

профессор,  институт директоры

 

Адрес: Түркістан, ОҚО, Б.Саттарханов данғылы, 29
№2 ғимараты - кабинет №318

 

Телефон: +7 (72533) 6-36-92 (ішкі 12-41)

 

E-mail This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл орталық университеттің халықаралық статусына сәйкес Түркі тілдес халықтарының тілінің, мәдениетінің және салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының осы күнге дейін ашылмаған беттерін ғылыми әдістер арқылы зерттеу шараларын жүзеге асыруда.

Институтта түркология саласындағы білікті мамандар жұмысқа қабылдануда. Осы мамандардың іздену бағыттарына сәйкес зерттеулер беріліп, нәтижесі жариялануға ұсынылуда. Институт қызметкерлері 16 адамнан құралады.

1992 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан ф.ғ.д., профессорМ.Мырзахметұлының бастамасымен «Ясауитану» ғылыми-зерттеу лабораториясы ашылған болатын. 1993 жылы ғылыми-зерттеу орталығы, кейін 1995 жылдан Қазақстан халықтарының тарихы мен этнофилология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1997-99 жылдары штат санының қысқаруына байланысты коммерциялық негізде «Қазақстан тарихы» бөлімі болып қысқартылып, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Әбуов басқарды. Ал 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенатының № 4. 23. 06 2000 ж. Шешімі және № 1/661. 18.12.2000 ж. Түркология ғылыми-зерттеу институты туралы бұйрығы бойынша  «Қазақстан тарихы» бөлімі және «Археология» бөлімі негізінде Түркология ғылыми-зерттеу институты қайта құрылды. Институт директорлығына 2001 жылдың қазан айынан бастап ф.ғ.д., профессор М.Мырзахметұлы қайта келді. Институтта «Тарих», «Ясауитану» және «Түркология» бөлімдері жұмыс істеді. 2003 жылғы қыркүйек айынан 2007 жылғы наурыз айына дейін ф.ғ.д., профессор Ш.Ибраев, 2007 жылы сәуір айынан 2008 жылғы қыркүйек айына дейін т.ғ.д., профессор С.Мадуан, 2008 жылғы қыркүйек айынан бастап ф.ғ.д., профессор Д.Кенжетай басқарған.2013 жылдың қыркүйек айынан бастап доктор, профессор Қ.Ергөбек басқарып келеді.  

Негізгі зерттеу бағыттары – Алтайдан Еуропаға дейінгі аралықта ежелден қоныс тепкен, бүгіндері жеке өз алдына дербес мемлекеттерін құрған түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті мен болмысын, олардың философиялық дүниетанымын жан-жақты қарастыру, әдебиеті, тарихы мен этнографиясы, тілі, діні, фольклорлық туындылары мен шежіресін, қоғам және өнер қайраткерлерінің рухани мұраларын жинақтау, насихаттау, оларды бүгінгі заман талабына сай қарастыру, түркі халықтарының асыл мұраларын кешенді түрде зерттеу. Түркітану және түркі филологиясының аса маңызды, әлі де түбегейлі шешімін таппаған күрделі салаларының бірі - көне түркі халықтарының этногенезі мен арғы (прото), көне түркі тілінің қалыптасуына, дамуына тірелетін мәселелер. Этногенез және көне түркі тілдерінің, түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуы мен жеке ұлт ретіндегі өз ана тілдерінің шығу тегі, өзара байланысы, өзектестігі - бір-бірімен тығыз ортақтастықта қарастырылуы қажет.

Түркология институты қызметкерлері біраз жылдан бері экспедицияға шығып, ел аралайды, ескіден жеткен көне кітаптар, қолжазбалар секілді жадығаттарды жинақ­таумен келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұзақ мерзімді “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарла­масындағы және “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауындағы мақсат­тарды орындау үшін, осы бағытта ғылым, оқу процесі, әдістемелік және тәрбие саласында бірқатар жұмыстар атқарылып, жетістіктерге жетуде.

Институт дайындаған 20-дан астам монографиялық еңбектерде түркологияның өзекті мәселелері, түркі халықтарының тарихы, әдебиеті және тілі секілді рухани-мәдени құндылықтары салыстырмалы тұрғыдан жан-жақты зерттелуде . Іргелі зерттеулердің нәтижесінде «Түркі халықтарының тарихы», «Түркі әлемінің тарихи тұлғалары», «Ғұн жылнамалары», «Түркі тілдері», «Орта ғасырлық қыпшақ тілінің ескерткіштері», «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы» сияқты жаңаша сипаттағы оқулықтар мен оқу құралдары шығарылған.