Талапкерге

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының (ЖОО) бірі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығына орай алғашқыда Түркістан мемлекеттік университеті болып ашылған болатын. 1992 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы үкіметтерінің екі жақты келісімімен университетке «халықаралық университет» мәртебесі беріліп, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып өзгертілді. Мемлекеттік лицензия  №0137408 Серия АБ, соңғы берілген мерзімі – 03.02.2010ж.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ – еліміздегі ең алғаш ашылған халықаралық жоғары оқу орны және түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болған жалғыз білім ошағы болып саналады. Осы жылы құрылғанына мерейлі 20 жыл толатын бұл оқу ордасы  материалдық-техникалық базасы заманауи үлгіде жасақталған ЖОО-дарының бірі ретінде танымал. Барлық оқу жүйесі мен ғылыми зертханалар жаңа техникалармен және интернет жүйесіне тұрақты қосылған дербес компьютерлермен, интерактивті тақталармен жабдықталған. Оқу барысында спутниктік байланыс мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Университетті екі ел тарапынан құрылған Өкілетті Кеңес басқарады. Өкілетті Кеңес төрағасы – доктор, профессор Осман Хората мырза. Университет президенті – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор   Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы мырза.

Студенттерінің саны бойынша елдегі ең ірі ЖОО-ның бірі болып табылатын Университетте қазіргі таңда 15 мыңға жуық жастар білімдерін шыңдауда. Оның ішінде түркі тілдес елдерінен келген 1200-ден астам студент пен тыңдаушы білім алуда.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де елге кеңінен танымал ғалымдар дәріс беруде. Университет – «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері болып табылатын профессор-оқытушылар санымен де алдыңғы қатардағы ЖОО.

Білім алу төрт тілде – қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Қазіргі таңда университетте студенттерге 62 мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік болса, 29 мамандық бойынша магистратурада, 11 мамандық бойынша докторантурада  (PhD) оқуға мүмкіндік бар.

Университетте қалыптасқан оқу жүйелерімен қатар қашықтықтан білім беру бағдарламаларымен де білімгерлерді оқыту қолға алынған. Озық технологияларды пайдаланып, тәжірибелі, білікті әрі таңдаулы профессор-оқытушылар құрамы арқылы Интернет технологияларының көмегімен жер шалғайлығына қарамай студенттерге білім беріледі. Оқуға қажетті материалдар оқу қоры – портал сайтта орналастырылған.

Заманауи білім беру үшін әр салаға қатысты кітаптардың жеткілікті болуы шарт. Университет кітапханасының негізгі қоры 2 млн.-ға жуық кітапты құрайды. Жыл сайын кітап қоры 50 мыңдай  жаңа кітаппен толығады. Білім алуға қажетті ақпараттар қоры орталық кітапханада шоғырланған.

Университетте 1991 жылдан бастап жыл сайын қазақстандық білімді және талантты жастарға Түркия тарапынан тегін білім алуға квота бөлініп келеді. Бұндай қолдау – еліміздегі білім ордаларында өте сирек кездесетін жағдай. Өкілетті Кеңестің 2010 жылғы қазан айындағы кезекті мәжілісінің шешімдеріне сәйкес Қазақстандық студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру саласында тағайындалған гранттар бойынша конкурсқа құжаттар тапсыру кезінде ЖОО-дарды таңдау кезегінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-н бірінші кезекте таңдаған және Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижесінде қабылдау комиссиясының тізімінде ең жоғары ұпай алған бірінші кезектегі әр студентке 9 ай бойынша ай сайын 75 АҚШ доллары мөлшерінде қосымша ынталандыру шәкіртақысы төленетін болады.

Медицина саласы бойынша мамандар Еуропа стандартына сәйкес дайындалады. Осы орайда Түркияның жетекші оқу орындарының бірі – Хажеттепе университетімен (Анкара қ.) келісім-шарт жасалған. Медицина факультетінің 2-курс студенттері осы Хажеттепе университетінде бір семестр бойы ағылшын тілінде білім алатын болады. Сондай-ақ, 13 мың шаршы метрді құрайтын 120 орындық жаңа клиника ашылған. Клиника Түркиядан арнайы алынған аурухана үшін қажетті болып табылатын медициналық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты  клиникалық-диагностика орталығының ашылуы Түркістан мен Оңтүстік Қазақстан тұрғындарына сапалы қызмет көрсетумен қатар, медицина факультеті студенттерінің  біліктілігін жетілдіруде үлкен маңызға ие болып отыр.

Білім мен ғылым және өзге де салалардағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы бірнеше хаттамаларға қол қойылған: Гази университеті (Анкара қ.), Акдениз университеті (Анталия қ.), Ерджиес университеті (Кайсери қ.) және т.б.

Университетті бітірген түлектерге Қазақстан мен Түркияда бірдей күші бар халықаралық үлгідегі диплом беріледі. Үздік бітіруші түлектеріміз жыл сайын Түркияның жетекші университеттеріне магистратураға және докторантураға оқуға жіберіліп келеді. Олар елімізде ғана емес Түркияда да, ТМД және Еуропа елдерінде де жемісті еңбек етіп жүр.

Университет құрылымына жыл сайын түркі тілдес мемлекеттердің өкілдерін оқытатын дайындық бөлімі, Ғылым орталығы мен Ясауи кәсіптік колледжі де кіреді.

Ғылыми зерттеулер мен ізденістерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында Түркістан қаласында университет тарапынан қаржыландырылатын Ғылым орталығы құрылған. Құрамында «Түркология», «Экология» ғылыми-зерттеу институттары мен «Археология» ғылыми-зерттеу орталығы бар.

Университет қалашығы 300 гектар аумақты алып жатыр. Оның 100 гектары ЮНЕСКО-ның халықаралық сыйлығына ие болған ботаникалық баққа бөлінген. Бұл бақ биология мамандығында оқитындар үшін таптырмас тәжірибе жинау орны болып табылады, білімдерін арттыруға үлкен септігін тигізеді. Қазақстанда мұндай теңдесі жоқ бақ тек Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аумағында ғана бар екенін мақтанышпен атай кеткен жөн. Бұдан басқа 21 гектар аумақта профессор-оқытушылар құрамына арналған тұрғын үй кешені, 120 гектар аумақта халықаралық  стандартқа сай оқу ғимараттары, спорт кешені және басқа да ғимараттар орналасқан. Облыс, тіпті, республика көлеміндегі оқу ордалары дәл ХҚТУ секілді заманауи талаптарға сай келетін жаңа, әрі ірі көлемді оқу ғимараттарымен мақтана алмайды. Үздік сәулеткерлік шеберлікпен салынған ғимараттар мен оқу корпустары университет беделінің айқын көрінісі болып отыр.

Сонымен қатар қалашық аумағында елдегі көріктілердің бірінен саналатын 1300 орындық жатақхана, сауықтыру орталығы, 400 орындық студенттер асханасы, 800 орындық  Мәдениет  орталығы,  «Тұран»  қонақ үйі  мен 84 орындық еуропалық үлгідегі үш жұлдызды «Яссы» қонақ үйі бар.

2010 жылдың мамыр айынан бастап жалпы ауданы  24827 шаршы метр болатын 1850 студентке арналған жаңа оқу ғимаратының құрылысы басталды. Мамыр айының соңында Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Түркия президенті А.Гүл мырзалар оқу ордамызға ресми сапармен келген кезінде аталмыш құрылыстардың іргетасы қаланғаны белгілі. Оған қоса аудандары сәйкесінше 8556 және  4200 шаршы метр болатын 500 орындық жатақхана және 400 000 кітап қорына лайықталған кітапхананың құрылыстары басталғалы тұр.

Университетте тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Жастар комитеті, Студенттік ректорат, Жатақхана дирекциясы, Спорттық клуб, Студенттер альянсы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Тұран» диаспора орталығы, Мәдениет орталығы, Продюсерлік орталық, Студенттік клубтар жастардың жан-жақты дамуына көмектеседі. Жастардың тәрбие жұмыстарына мән беріліп, олардың кез-келген қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде атсалысуларына жағдай жасалады.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің шаңырағы астынан елімізге, сондай-ақ әлемге танымал көптеген спортшылар шығып жүр. Олардың барлығы байрақты бәсекелерде көк туымызды желбіретіп, еліміздің абыройын асқақтатуда. Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов пен күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбековтер – университет мақтаныштары. Университет қыздар баскетбол командасы – Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы болып табылады.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ өзінің дарынды әнші, күйшілермен де мақтана алады. Осында білім алған студенттер Алтынай Жорабаева – «Азия дауысы» халықаралық ән фестивалінің  «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері және Нұрғали Тұрлыбеков, Молдияр Ергебеков, Әлден Жақсыбеков сынды жас талантты әншілер, «Ұлан» тобы – «Жас қанат» ән байқауының жеңімпаздары. Эстрадалық ән номинациясы бойынша бас жүлде иегері Нұржан Қалжанов («Жас қанат» ән байқауының да бас жүлдесінің иегері)  пен «Бисұлтан» би тобы – «Шабыт» халықаралық фестивалінің  лауреаттары. «Дарын» квартеті  – Республикалық  Арай ән байқауының бас жүлдегері. Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Ақмарал Леубаева, Анар Жаппарқұловалар – республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпаздары, университеттің мақтаныштары болып саналады.

Университетіміздің студенттері арасынан шыққан 29 ұлт өкілдерінен  құралған  «Достық» ән-би тобы – құрылған күннен бері Қазақстан көлемінде және шет мемлекеттерде өнер көрсетіп келе жатқан елуге тарта мүшесі бар танымал топ. Бұл ән-би тобының өзгешелігі – сахнаға лайықталған халық биін сол халықтың өзінен шыққан студенттердің орындауында. Олар өткен жылы концерттік қойылымдармен Түркия Республикасының бірнеше университеттерінде  болып, көрермендердің ерекше лебізіне бөленіп қайтты.

Осының барлығы сапалы мамандар даярлау жолында жасалып жатқан игі істердің бір парасы. Алдағы уақыттарда университет басшылығы Елбасы жүктеген жоғары білім сапасын ең жоғары халықаралық талаптарға сәйкестендіру мен әлемнің жетекші университеттерінің рейтингісіне ену міндеттері мен талаптарын жүйелі түрде жүзеге асырмақшы. Бұл тек ХҚТУ-дің ғана емес, елдегі көптеген оқу орындарының алдына қойылып отырған негізгі міндет. Яғни, бұл – халықаралық стандарттар негізінде білім алып, болашаққа нық қадам жасайтын рухы биік, білімді, сапалы тұлға тәрбиелеуге ашылатын жол болмақ.

Бір сөзбен айтқанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де білім алғандар өзінің біліктілігімен, дарынымен, ғылыми, шығармашылық жетістіктерімен талайларды таң қалдырып жүр. Университет қабырғасында білім алған студенттер бүгінде халық шаруашылығының көптеген салаларында жемісті еңбек етуде.

Сол себепті де, құрметті жастар, сіздерді халықаралық стандарттармен жұмыс жасайтын, заманауи үздік тәсілдерді қолдана отырып білім беретін, білікті ұстаздар дәріс оқитын білім ордасы – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға шақырамыз.

 

Университет факультеттері:

·         Медицина факультеті

·         Заң факультеті

·         Экономика факультеті

·         Филология факультеті

·         Тарих және педагогика факультеті

·         Спорт және өнер факультеті

·         Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультеті

·         Жаратылыстану факультеті

·         Инженерлік-педагогикалық факультеті

·         Жаратылыстану-педагогикалық факультеті

·         Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

·         Ұзақтан білім беру факультеті (ТҮРТЕП) (Анкара және Стамбул қалаларында)

 

Университет бойынша дайындалатын мамандықтар тізбесі:

 

Бакалавриат

5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

5В010300 - Педагогика және психология

5В010400 - Бастапқы әскери дайындық

5В010600 - Музыкалық білім

5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу

5В010800 - Денешынықтыру және спорт

5В010900 - Математика

5В011000 - Физика

5В011100 - Информатика

5В011200 - Химия

5В011300 - Биология

5В011400 - Тарих

5В011500 - Құқық және экономика негіздері

5В011600 - География

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті

5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі

5В012000 - Кәсіптік оқыту

5В020100 - Философия

5В020200 - Халықаралық қатынастар

5В020300 - Тарих

5В020500 - Филология

5В020600 - Дінтану

5В020700 - Аударма ісі

5В020800 - Археология және этнология

5В021000 - Шетел филологиясы

5В021100 -Теология

5В030100 - Құқықтану

5В040300 - Вокалдық өнер

5В040400 - Дәстүрлі музыка өнері

5В040700 - Актерлік өнер

5В040900 - Хореография

5В041400 - Графика

5В041700 - Сән өнері

5В041900 - Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау

5В042100 - Дизайн

5В050100 - Әлеуметтану

5В050200 - Саясаттану

5В050400 - Журналистика

5В050600 - Экономика

5В050700 - Менеджмент

5В050800 - Есеп және аудит

5В050900 - Қаржы

5В051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В051100 - Маркетинг

5В060100 - Математика

5В060200 - Информатика

5В060400 - Физика

5В060600 - Химия

5В060700 - Биология

5В060800 - Экология

5В070200 - Автоматтандыру және басқару

5В070300 - Ақпараттық жүйелер

5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В071800 - Электр энергетикасы

5В073100 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология

5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

5В090200 - Туризм

5В130100 - Жалпы медицина

5В130200 - Стоматология

 

Магистратура

6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6М010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6М010300 - Педагогика және психология

6М010700 - Бейнелеу өнері және сызу

6М010800 - Денешынықтыру және спорт

6М011000 - Физика

6М011300 – Биология

6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі

6М020100 - Философия

6М020300 - Тарих

6М020500 - Филология

6М020600 - Дінтану

6М021000 - Шетел филологиясы

6М021200 - Түркітану

6М030100 - Құқықтану

6М050100 - Әлеуметтану

6М050200 - Саясаттану

6М050600 - Экономика

6М050700 - Менеджмент

6М050800 - Есеп және аудит

6М051000 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

6М060100 - Математика

6М060200 - Информатика

6М060400 - Физика

6М060600 - Химия

6М060800 - Экология

6М070300 - Ақпараттық жүйелер

6М070500 - Математикалық және компьютерлік модельдеу

6М110100 - Медицина

 

Докторантура (PhD)

6D010300 - Педагогика және психология

6D010900 - Математика

6D011000 - Физика

6D011400 - Тарих

6D011700 - Қазақ тілі және әдебиеті

6D030100 - Құқықтану

6D050600 - Экономика

6D050700 - Менеджмент

6D070500 - Математикалық және компьютерлік  модельдеу

6D110100 - Медицина

6D110200 - Қоғамдық денсаулық сақтау

 

ЖОО түсу кезінде қабылдау комиссиясына тапсырылатын негізгі құжаттар тізбесі:

өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі  туралы құжат (түпнұсқа);

3х4 көлеміндегі 8 фотосурет;

086-У нысанындағы медициналық анықтама;

кешенді тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (кешенді тестке қатысатын талапкерлер үшін);

ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты;

жеңілдiктep алуға құқық беретiн құжаттар;

мемлекеттік білім гранты тағайындалғаны туралы куәлігі (ол болған жағдайда).

 

Қабылдау комиссиясының мекен-жайымен байланыс телефондары:

ОҚО, Түркістан қаласы

индекс: 161200

Университет қалашығы

Бас ғимарат

байланыс телефоны: (8 72533) 6-36-90

e-mail: Бұл e-mail адрес спам-боттардан сақталған, оны көру үшін сізде Javascript қосылған болуы тиіс